Ата-аналарға арналған жаднама - Гаджеттерді қалай қауіпсіз қолдануға болады? » «Мәржол» балабақшасы»
«Мәржол» балабақшасы»
жауапкерлігі шектеулі серіктестігі
Алматы,Алатау ауданы,Көкқайнар ы.а.,Арқалық көшесі, 68
Қабылдау бөлімі :
+7(747) 454-83-36
Есепші бөлімі:
+7(747) 454-83-36
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата-аналарға арналған жаднама - Гаджеттерді қалай қауіпсіз қолдануға болады?
08
қараша
2023

Ата-аналарға арналған жаднама - Гаджеттерді қалай қауіпсіз қолдануға болады?

Гаджеттерді қалай қауіпсіз қолдануға болады

 Ұялы телефон бала денсаулығына қауіпті, себебі ұялы телефондардың қауіпсіздік стандарттары ересек адамға әзірлейді. Балаларға ұялы телефонды қауіпсіз қолдану қағидаларын түсіндіріңіздер.
  • Электрлік-магниттік толқындардың денсаулыққа кері әсерін төмендету үшін ұялы байланыс құрылғысын мойныңызға, беліңізге тақпаңыз, киімнің қалтасына салмаңыз.
  • Ұялы телефонмен сөйлесу 2 минуттан аспауы тиіс, ал қоңыраулар арасында ең кем үзіліс кем дегенде 15 минутты құрауы тиіс. Дауысын шығарып сөйлесіңіз (бәрі ести берсін, есесіне бұл барынша қауіпсіз, себебі сәулелендіру көзінен қандай да арақашықтықта тұрамыз).
  • Ұялы байланыс құрылғыларымен байланыс уақытын барынша қысқартыңыз.
  • Қосу және сөйлесу кезінде ұялы байланыс құрылғысынан басыңыздан барынша алшақ ұстаңыз. Мысалы, дауысты байланысты немесе гарнитураны қолданыңыз.
  • Ұялы байланыс сигналын қабылдау тұрақсыз болған жағдайда қоңырауды барынша шектеңіз, мысалы, автобуста, метрода, пойызда, автокөлікте.
  • Ұялы телефонға орнатылған ойындармен көп ойнамаңыз, себебі өсіп келе жатқан білек пен саусаққа тұрақты әрі ұзақ қысым түсіру сүйек пен буынның түрлі бұзылыстарын тудыруы мүмкін. Сонымен бірге ойын барысында сіз ұсақ суретті қарауға мәжбүр боласыз, көзден белгілі бір арақашықтықта орналасқан жанып тұрған экранға ұзақ қарайсыз. Бұл көзге үлкен жүктеме түсіреді және көру қабілетіне кері әсер етуі мүмкін.
  • Ұялы телефон тұтқасын құлақтан алыс, оның төменгі бөлігінде және тұтқаны құлақтан бір сантиметрге жылжытып және осылайша миға дейінгі арақашықтықты ұлғайта отырып, тік ұстаңыз. Бұл миға бөлінетін сәулелену қуатын төрт есеге төмендетеді. Одан да тұтқаны арғы жақтан жауап алған соң құлаққа тақаңыз. Тұтқаны құлақтың жанында ұстағаннан гөрі SMS жазған барынша қауіпсіз, себебі мүмкіндігіне қарай сөйлегеннен гөрі жазған дұрыс.
  • Егер сіз оправасы металл көзілдірік тақсаңыз, онда ұялы байланыс құрылғысымен сөйлесу кезінде көзілдірікті шешкеніңіз дұрыс: мұндай оправаның болуы пайдаланушыға әсер ететін электрлік-магниттік өрістің қарқынын ұлғайтуы мүмкін.
  • Ұйықтар алдында ұялы байланыс құрылғысын басыңыздан 2 метр арақашықтыққа қойыңыз.
  • Гаджеттерді сатып алу кезінде орыс тіліндегі пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың (нұсқаулардың) және олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуына назар аудару керектігін естен шығармаңыз.
Гаджеттерді пайдалану кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың (нұсқаулардың) талаптарын сақтаңыз және үздіксіз жұмыстың бекітілген уақыт ауқымдарын қатаң ұстаныңыз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив